Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)
Адам денесі үнемі қозғалыста болады. Кейбір құбылыстар ағзаның жұмысын жеңілдетеді.
Есінеу – адамның миын сергітіп, шаршау мен жүйке жүйесін қалпына түсіреді.
Адам шаң тозаң не микропты заттарды қабылдағанда түшкіреді. Түшкіргенде де адам денесі артық микроптан арылады.
Таңертең тұрғанда керілу адамның бұлшықетін қыздырып, көңіл күйін көтереді.
Жылдам жүргенде адам ауаны көптеп қабылдайды. Асқазандағы ауа ықылық арқылы сыртқа шығады.
Адам ұйықтап жатып түсінде құлап кеткендей шошып оянады. Адамның тыныс алуы азаяды. Осы кезде адамның миы ағзаны қалыпқа түсіруге дабыл береді.
Ғалымдар адамның ванна қабылдаған соң неліктен саусағы жұмсарып қалатынын біраз уақыт зерттеп келді. Адам осындай кезде тасты жерлерге жақсы өрмелей алады.
Адам ауыр оқиғадан соң есінен айырылып қалып жатады. Ми адамның өмірін қорғау үшін ауыр жағдайларды өшіріп тастайды.
Адам суықта қалғанда денесі түршігіп кетеді. Түршігу суықта ғана емес, эмоцияға берілген кезде немемсе қорыққанда да болады.
Адам жылағанда да айтарлықтай жеңілдеп, ішке толған уайымы сыртқа шыққандай болады.
Жіберіп алмаңыз:
Әр тұрғынның миллионы бар: Қытайдағы миллионерлер ауылы қалай өмір сүреді
Әлемдегі ең кішкентай жұп ақыры шаңырақ көтерді (фото, видео)
Көлікте жалғыз селфи жасаған қыз елесті де қоса суретке түсіріп алған (фото)