"Adal" партиясының өз жұмысын тоқтатқаны белгілі болды
"Adal" партиясы өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Adal" партиясы өз қызметін тоқтату үшін құжаттарды тапсырды", - делінген хабарламада.
Партия 2013 жылдың 26 сәуірінде "Әділет" және "Руханият" партияларының қосылуы нәтижесінде тіркелген. 2022 жылдың сәуірінде Аdal биліктегі "Аmanat" партиясына қосылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда алты партия тіркелген:
1.Amanat партиясы
2. Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы
3. Қазақстан халық партиясы
4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
5. "Ұлттық социал-демократиялық партия"
6. "Байтақ" Қазақтанның жасылдар партиясы.
- Депутат 12 желтоқсанды “Алаш күні” деп жариялауды ұсынды
- Қазақстандағы барлық деңгейдегі әкімдер енді "Amanat" партиясында қызмет атқармайды
Еске салайық, 30 қарашада Қазақстанда "Байтақ" жаңа саяси партия тіркеуден өткен.
24 желтоқсанда Әділет министрлігі "Ел тағдыры" партиясының құжаттарын тіркеуге қабылдағаны белгілі болды.
Талқылау