Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниетті болған

Жәнібек ӘлімханұлыФото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу жоспары болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атақты америкалық боксшының айтуынша, бұл жоспарға Әлімханұлының допинг дауына ілігуі кедергі келтірген.

"Мен 160 фунт салмаққа түсіп, тағы да тарих жазғым келді. Алты дүркін әлем чемпионы атануды мақсат еттім. Алайда Жәнібек допинг-тестілеуден өте алмады. Оның Эрисланди Лараны жеңіп, үш титулды біріктіруге мүмкіндігі бар еді. Бірақ бұл жағдай жоспарымды бұзды", – деді Кроуфорд Jai McAllister: BOXING & MMA YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың желтоқсан айында WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен маңызды жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда VADA ұйымы жүргізген допинг-тест нәтижесінде оның ағзасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталды. Соның салдарынан жекпе-жек өтпей қалды.


“Командасына сабақ болды”: Федерация Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылған соң мәлімдеме жасады


Чемпиондық белбеуінен айырылған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады


Кейін World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлын бір жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдады.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 15:04