Абылайхан Жұбаназар бастаған дзюдошылар Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

Қытайда 6-18 сәуір аралығында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық додада ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олардың қатарында ел үздіктері 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен 66 келіде Нұрқанат Серікбаев бар.
Бұдан өзге ерлер сапында күресетін дзюдошылар арасында Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов (60 кг), Нұрқанат Серікбаев (66 кг), Есет Қуанов (73 кг), Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар, Айдар Арапов (90 кг) және Нұрлыхан Шархан мен Марат Байкамуров (100 кг) ел намысын қорғайды.
Азия чемпионатында әйелдер командасынан Буркеева (48 кг), Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Құйылова (63 кг), Ажар Асхат (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) мен Ақерке Рамазанова, Айда Тойшыбековаоарға (+78 кг) сенім артылып отыр.
Айта кетейік, жыл басынан ұлттық құрама дзюдошылары “Үлкен дулыға” турнирлерімен қатар “Гран-При” жарыстарына қатысты.
Соның ішінде “Гранд-Слэм” додасында Аман Бақытжан, Нұрлыхан Шархан қола жүлде еншілеген. Ал Нұрқанат Серікбай “Гран-При” бәсекесінде топ жарса Шерзод Давлатов қола медаль иеленген. Ал Әділет Алмат Лицн Гран приінде алтыннан алқа тақты.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты