Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Абылайхан ЖүсіповФото: ҰОК

Дубайда (БАӘ) IBA ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жектерінде сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

71 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов армян спортшысы Арарат Арутюнянды айқын басымдықпен жеңді.

63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов моңғолиялық боксшы Даваадалай Алтангэрэлді үш мәрте нокдаунға түсіріп, төрешілердің ортақ шешімімен келесі кезеңге өтті.

57 келіде Оразбек Асылқұлов Кабо-Верде өкілі  Элизандру Саншеш да Силваны жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. 54 келіде Сәкен Бибосынов Катлего Кеорапецені ойсырата жеңді. Айта кетейік, Сәкен Бибосынов бұл турнирдің басты фавориттерінің бірі.

Сонымен қатар, Сабыржан Аққалықов пен Даниял Сәбит те сенімді жеңіске жетті. Жалпы, қазақстандық он бір былғары қолғап шеберлерінің барлығы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 11:30