Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абиба Абужақынованың Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысында жеңіске жетті

Париж олимпиадасында бесінші орын алған Абиба Әбужақынованың Grand Slam турнирінде үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: IJF

Парижде жүлдеге сынық сүйем қалғанда тоқтаған Абиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Әлемдік рейтингте үздіктер қатарында тұрған Абиба турнирді екінші айналымнан бастап, Марина Воробьевадан жеңіліп қалды. Дегенмен жұбаныш белдесуде қарсыласынан басым түсіп, қола жүлде үшін белдесуде  германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша отандасымыз олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында сәтті өнер көрсетті. 

Айта кетейік, бұл сын Абибаның Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы. Бірақ бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасы Загребте өткен Гран-приге қатысып, 2 алтын, 1 күміс медаль иеленген еді. 

Талқылау