Абхазиядағы халық наразылығы: Президент Аслан Бжания отставкаға кетуден бас тартты
Абхазия президенті Аслан Бжания оппозиция өкілдерінің Сухумдағы парламент ғимаратына наразылық шабуылына қарамастан отставкаға кетуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Sputnik Абхазия" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Аслан Бжания бұл наразылыққа бола қызметінен ешқайда кетпейтінін алға тартты.
"Абхазия басшылығы, президент, вице-президент, премьер-министр, үкімет мүшелері осында. Абхазияда болады, осында қалады және әрі қарай жұмыстарын жалғастырады", – деді ол үндеуінде.
Президент бұл наразылық акцияларының республиканы тағы да үлкен мәселелер алдына қойғанын атап өтті. Сонымен қатар билік наразы топтың зардаптарын жоюға күш салатынын айтты.
Еске салсақ, Абхазияда наразы халық үкімет ғимараттарын басып алған еді. Олар Абхазияның Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісіміне қарсы.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді