Абайдың 180 жылдығына арналған шарада жастардың қоршауында жүрген шенділер сынға қалды (видео)

Абай облысындағы Абайдың 180 жылдығына арналған шарада жастардың қоршауында жүрген шенділердің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеода жастар қол ұстасып, бір топ шенеунікті қоршап жүріп келе жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында қоршаудың ішінде мерейтойға келген сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кетіп бара жатқаны айтылған.
Видео желіде қызу талқыға түсті. Кейбір желі қолданушылары жастарды сынға алса, енді бірі жастарға тапсырма бергендерді жазалауды талап етіп жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты