"Абайды керемет әнші деп айта алмаймын": Ақбота Керімбекова өнердегі досын кәсіби әнші ретінде мойындамайтынын жеткізді
Әнші Абай Бегей мен Ақбота Керімбекова екеуі біраз жылдан бері өмірде де, өнерде де дос екенін көпшілік біледі. Десе де дуэт айтып жүрсе де Керімбекова Абай Бегей кәсіби әнші ретінде мойындамайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Абай мен Ақбота алғаш дуэт болып сахнаға шыққанда халық екеуін отбасын құрды деп қоса бастаған. Осындай сөздерді қалай қабылдадыңыз деп жүргізуші Ғалым Кәлмен Керімбековадан сұрағанда:
"Үйреніп кеттік қой. Мені кіммен қоспады? Саятпен дуэт айтып бастағаннан қоса бастады. Әрқайсысының аузына қақпақ бола алмайымыз", - деп қысқа қайырды.
Ақбота Керімбекова Абай Бегейдің мегахит болған "Аспанға қараймын" әнінін алғаш есітігенде жақтырмай қалғанын жасырмады.
"Әнін алғаш естігенде "не ән мынау деп" біртүрлі болғанмын. Не мәні жоқ, не мағынасы жоқ. Шыны керек Абайды керемет әнші деп айта алмаймын. Өзіне де талай айтқанмын. Өзіндік орны бар, халықтың алдын сүйіспеншілікке ие. Бірақ керемет миллизмі мен техникасы бар, айырып тастайды деп айта алмаймын. Өзінің қазақи үні бар. Бір әнмен Алла бағын ашты", - деп ашығын айтты.