Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақ тұрғындарына мемлекеттік марапаттарды табыстады

1990 жылы 25 қазанда еліміздің тәуелсіздігі жолында тарихи қадам жасалды. Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны  қабылдады.

2009 жылға дейін Республика күні ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде аталып келді.
25 қазан – Республика күніне орай Абай облысының орталығы Семей қаласында салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті. Оған облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев қатысып, жұртшылықты келе жатқан мерекемен құттықтады. 

"Араға 13 жыл салып, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен, "ұмыт болған" мейрамға "ұлттық" мәртебе берілді. 

Республика күні - Қазақстанның жаңа тарихына басты мереке ретінде енді. 

Осынау мерекені Абай елі зор қуаныш, асқан мәртебе, болашаққа деген үлкен сеніммен қарсы алуда.
Халықтың қалауы, Президент шешімімен дүниеге келген Абай облысы, бүгіннің өзінде, Республикамыздың маңызды аймақтарының біріне айналуда. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты тапсырмалар іске аса бастады.

Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасалуда. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады.

Бай тарихын түгендеп, шекарасын шегендеп, түрлі ұлтқа пана болған, бейбітшілік мекені, ұлан-ғайыр атырап, қасиетті Отанымыздың төл мерекесі - Республика күні баршамызға құтты болсын!"

Мерекелік шара барысында сонымен қатар елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. 

"Парасат" орденімен:

Сапоров Болат, Еңбек ері 

Стромская Татьяна Александровна, "Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайы" КМҚК директоры

Даутов Аманжол Төлеубекұлы, "Жарма ауданының мәдениет үйі" КМҚК директоры

"Құрмет" орденімен: 

Кәрібжанов Отантай,  "Абай Құнанбаев" республикалық қоғамдық қорының президенті

Камалханұлы Баделхан,  "Қазақ күресі"  федерациясының  вице-президенті

Иманғалиева Айгүл Дәуірбекқызы, Еңбек ері, Ақсуат ауданы 

Жақиянова Нағима Сапақанқызы,  "Үржар ауданының №2 аудандық ауруханасы" бас дәрігері

Уәлиев Ғибрат Әлханұлы,  Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

Қалиев Нұрбол Мейрамұлы,  мүсінші, "Семей-Қола" мүсін құю өндірісінің директоры

Оразаев Талғат Айтказыұлы, "Раушан" ШҚ басшысы, Бородулиха ауданы 

Сандыбаев Марат Нурланбекұлы, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а.

Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович, жеке кәсіпкер 

ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен:  

Шалқыбаев Қайрат Қасымұлы 

ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен: 

Шағангүл  Жанаева - "М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж" КМҚК директоры

Сонымен қатар, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдары және Абай облысының ең үздік азаматтарына Қазақстан Республикасының құрмет граматасы  табыс етілді. Олардың қатарында Жарма ауданының тракторшы-машинисі Абай Жолдыхан, бройлер фабрикасының сою цехының қызметкері Күлтай Ысқақова, "Қайыңды"  ШҚ жұмысшысы Серік Биязбеков, "Талап" ШҚ механизаторы Қайрат Шалқыбаев, жемшөп өндірісінің операторы Мағрипа Бәкірова, еңбек ардагерлері, Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының отоларинголог дәрігері Орлабек Тоғасбаев, еңбек ардагерлері және басқалары бар.

Шара Абай атындағы облыстық театр, Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония, қалалық мәдениет сарайы, "Восток" үрмелі оркестрі және "Ұлттық  ұлан" әртістерінің, сондай-ақ  Семей қаласының балет мектебі, "Жас Ұлан" мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері мен Семей қаласының Мәдениет және Жастар сарайының, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің шығармашылық ұжымдарының  қатысуымен  "Қыран елім – Қазақстаным"  концерттік бағдарламасымен аяқталды. 
 


 
 
 

Талқылау