Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында үш мектеп медициналық тексерістен өтуге тиіс 200-ге жуық қызметкердің жеке дерегін таратып жіберген

Мұғалім тақтаға жазу жазып тұрФото: istockphoto.com

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізу барысында үш орта мектептің 194 қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура таратқан дерекке сүйенсек, білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлердің тізімдерін жариялаған. Ол тізімде қызметкерлердің жеке мәліметтері, оның ішінде толық анкеталық мәліметтері, ЖСН-і және басқа да ақпараттар көрсетілген.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мәліметтер міндетті түрде қорғалуға тиіс. Шектеулі қолжетімді ақпаратқа қол жеткізген тұлғалар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті және мәліметтер иесінің келісімінсіз немесе заңды негіз жоқ жағдайда жеке ақпаратты таратуға құқылы емес. Мектеп басшылығының бұл талаптарды сақтамауы жеке мәліметтердің заңсыз мақсатта пайдаланылу қаупін туғызды", – делінген құзырлы орган хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша аудан прокуратурасы мектеп директорларын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Директорларға1 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, тәртіптік жазаға тартылды.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 15:37
Талқылау