Прокуратура қызметкерлерінің бөтелкелерді терезенің алдына не үшін қойғаны белгісіз. Сондай-ақ оның ішінде ішімдік болған-болмағаны да расталмады.
“Прокурорлар да адам ғой, ішімдікті жай ғана салқындатқан шығар” деп жазды деп жазды кей желі қолданушылары. Енді бірі мұндай көріністің қадағалау органының қызметкерлерінің әрекетіне сай емес деп реніш білдірді.
“Қазір екі кінәлі қызметкер анықталып, жазаланды. Бұл жағдайдан кейін өткізу режимі күшейтіліп, құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, ішімдікке әуес қызметкерлердің нақты лауазымдары жария етілмеді. Бұл ақпарат қызметтік болып саналады және жариялауға жатпайды”, – деп хабарлады прокуратура.
Сондай-ақ ведомство жеке еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін маман мен оның тікелей басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгыс алғанын мәлімдеді. Ал жұмыс орнында алкогольдік ішімдіктер ішу фактісі расталмаған.
