Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында мүмкіндігі шектеулі азамат 12 жылда 11 түрлі шаруа қожалығында құлдықта болған

Абай облысында полицейлер 12 жыл құлдықта болған болған мүгедектігі бар азаматты құтқарды. 26 жастағы ер адам 2010 жылдан бастап 11 түрлі шаруа қожалығында жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

құлдық

Полицейлер Жарма ауданындағы шаруа қожалығына келгенде жалдамалы жұмысшылардың құжаттарының жоқ екенін байқаған. Сондай-ақ полицейге өзіне қатысты деректерін де айта алмаған. Күдіктенген тәртіп сақшылары қожалық иесі жәбірленушінің қасынан кеткен кезде оның сұрап білген.

Кейін полиция қызметкері жәбірленушінің әпкесін тауып, оның бауырымен 2010 жылдан бері байланыса алмағанын анықтаған. 

Тергеу барысында 2010 жылдың қарашасынан бастап 26 жастағы ер адамның 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны белгілі болды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны 26 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқан. Физикалық тұрғыдан жетілген жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол жігітті шаруашылықта жұмыс күші ретінде пайдалану туралы ойға келген. Жәбірленушіні 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатқан.

54 жастағы азамат шаруа қожалық иелеріне өзін жігіттің туысымын деп таныстырған. Олардан алдын ала жалақысын алып, қалтасына басып отырған. Жәбірленушінің жылдар бойы еңбегіне берілген ақы 2 млн теңгеге тең. Сонымен қатар қаскөй мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Келтірілген залал 4 миллион теңгеден асып жығылады. 

“Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталды, ал күдікті Жарма ауданының аудандық сотымен 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері (Адам саудасы) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі  (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қауіпсіздігі орташада колонияда 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Талқылау