Абай облысында бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: pixabay.com
Абай ауданының Медеу ауылдық округі ішімдіктен бас тарту туралы бастамаға қосылды. Қоғамдық жиында ауыл тұрғындары алкогольді ішімдіктерді сатудан және тұтынудан толықтай бас тарту туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінде округте 428 адам тұрады. 77 аула және 51 шаруа қожалығы бар. Медеу ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Кеңесбекұлы бастаманың аудан үшін маңызын атап өтті.
“Абай ауданында осындай таңдауды қолдаған екінші ауыл атандық. Шешім халық тарапынан саналы түрде қабылданды. Бұл – дамуға және өркендеуге жол ашатын үлгі”, – деді ол.
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Елдар Данияров бұл бағыттағы жұмыстың тұрақты негізде жалғасатынын айтты.
“Бастама "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жүзеге асырылды. Енді Медеу ауылдық округі – салауатты жолды таңдаудың, тыныш аулалардың және ертеңгі күнге деген сенімнің аумағы”, – деді Е.Данияров.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік