Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маған емес, әкімдік қызметкерлеріне жиһаз алуға 450 миллион теңгенің байқауы жарияланды – Абай облысының әкімі

Фото: Gov.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген Абай облысы әкімі Берік Уәлиден журналистер биыл жазда әкімдік қызметкерлеріне арнап 450 миллион теңгеден астам сомаға жиһаз сатып алу туралы әңгіме шыққанын, бірақ бұл өңірдің әлеуметтік мәселері қасында бұл қаншалықты орынды деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Осы мүмкіндікті пайдаланып, оқырмандарын көбейту үшін мәселені зерттемей жазатын журналистерден жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Берік Уәли өзіне 450 миллион теңгеден астам сомаға жиһаз сатып  алмақшы деп жазды. Бұл қаражатқа 671 мемлекеттік қызметкердің күнделікті жұмыс орнына жиғазға алуға байқау жарияланған. Өткен жылы конкурс жеті жарияланып өтпей қалды. Мен өзіме жиһаз алып жатқандай жазды. Бұл маған қатысы жоқ. 

Биыл тағы жарияланған. Мен келіп тоқтатып, топтастырмай, әр мекеме, басқарма жеке жарияласын деп тапсырма бердім. Біз мемлекеттік қызметкерлерген жағдай жасауымыз керек, сондықтан бұл конкурс тағы өткізіледі", - әкім. 

Бұған дейін Абай облысының қаржы басқармасы жалпы сомасы 410 389 267,87 теңгеге жиһаз дайындау бойынша тендер жариялағаны хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, жиһаз тізіміне облыс әкімінің кабинетін безендіру кіретіні айтылды. Ішінде жұмыс үстелі, брифинг-префикс, шкаф, құжаттарға арналған шкаф, журнал үстелі, әкімге кресло, келушілерге арналған екі кресло, үш орындық диван, екі орындық диван және тағы бір кресло бар. Бұл жағдайда кеңсе жиһазы табиғи шпоннан, былғарыдан жасалған жұмсақ болуы керектігі талап етілді.

Сондай ақ әкімдіктің басқа қызметкерлерінің мәжіліс залы мен кабинеттері үшін жиһаз сатып алынбақ:
•    жылжымалы шкафтар – 632 дана.;
•    жұмыс үстелдері – 557 дана.;
•    құжаттарға арналған шкафтар – 519 дана.;
•    киім шкафтары – 440 дана.;
•    сервистік шкафтар – 398 дана.;
•    басшыларға арналған үстелдер – 115 дана.;
•    брифинг-префикстер – 99 дана.;
•    келушілерге арналған креслолар – 91 дана.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 13:24
Талқылау