Абай Бегей Вьетнамдағы саяхатында сегізінші баласының жынысын анықтады

Танымал әнші Абай Бегей отбасымен шетелде демалып жүрген кезінде болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қаңтардың соңында отбасымен Вьетнамның Фукуок аралына кезекті демалысына аттанған еді.
Демалыс кезінде өнер иесі мен жары Фариза болашақ сәбиінің жынысын анықтаған көрінеді. Қуанышты сәттің видеосын Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Бүгін бізде гендер-пати. Негізі осылай алдын ала салуға әкеміз қарсы, бірақ біз бәріміз отбасымызға келе жатқан сегізінші бөпенің жынысын дәл осы Вьетнамда білгіміз келіп, осындай кішігірім тосынсый жасадық”, – дейді Абай Бегейдің қызы Гүлеркем.
Ол сіңлісі Сымбат екеуі баланың жынысын білетінін айтып, апасы Фаризадан нәрестенің жынысына байланысты ойын сұрады.
“Негізі түйсігім ұл дейді, бірақ қыз керек. Қыз болса, күшті болар еді”, – дейді ол.
“Маған да ұл сияқты”, – деп қосылды әнші де.
Видео соңында Абай Бегей мен жары Фариза жақында қызды болатыны белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің жары сәби күтіп жүргенін бөлісіп, жұрттан сүйінші сұрағаны хабарланған еді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма