Қостанай облысында жол апатынан ұстаздар отбасы қаза тапты
Қостанай облсы Әулиекөл ауданында жас ұстаздар отбасы жол көлік апатынан қаза тапты. Оқиға орнында олардың сәбилері ғана аман қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ayliekol_qostanai_media парақшасына сілтеме жасап.

Бейресми мәліметтер бойынша, Әулиекөл ауылынан жас жұбайлар анасы мен бір жасар баласымен бірге Амангелді ауданына Chevrolet Cobalt көлігімен құдалыққа жолға шыққан.
Ақсай бұрынғы Бұйректал ауылының маңындағы тас жолда жеңіл және ауыр жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 27 жастағы жүргізуші оның әйелі және анасы қаза тапты. Сәбиі ғана аман қалды.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицейлер.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен