Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"90-жылдардан қалған анахронизм": Ұлттық банк басшысы көшелерде валюта тақталарының тұруына қарсылық білдірді

Астанада өткен брифингте Ұлттық банк басшысы Тимур Сулейменов көшелер мен жолдарда шет ел валюталарының бағамдарын көрсететін "айырбастау таблоларының" болуын "90-жылдардың анахронизмі" деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: КТК телеарнасынан

"90-жылдары қаржы жүйесінің дамымаған кезінде депозиттердің, банк қызметтерінің болмауында адамдар үшін кез келген жинақтаудың, төлемді орындаудың жалғыз жолы доллар сатып алу болды. Қызметкерлер, қызметкерлердің жалақысы 100 немесе 300 теңге болғанда, қалған сома долларға салынатын инвестиция ретінде есептелді. Сол кезеңде доллардың маңызы зор еді", – деді Сулейменов.

Сонымен қатар Сүлейменов 90-жылдары доллардың жоғары сұранысқа ие болғанын атап өтті.

"Бұл кезеңде көптеген адам алып-сатарлықпен айналысып, ақша айырбастау үшін Қытайға барып, долларды кеңінен қолданған. Долларды қолдану деңгейі өте жоғары болған. Алайда қазір мұндай уақыт емес", – деп мәлімдеді Сүлейменов.

Басқа да мәліметтерге сәйкес мемлекеттік органдар долларсыздандыру бағыты бойынша көптеген шараны іске асырды. Мысалы, депозиттердегі доллар пайызын төмендетуге бағытталған саясатынан кейін 7-8 жыл бұрын халықтың депозиттерінің 70%-ы долларда болса, қазір бұл көрсеткіш 22%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар маркетплейстер, жарнамалар және баға белгілері де тек теңгеде көрсетіліп отыр.

"Осы қалған анахронизмді (белгілі бір дәуірде болған оқиғаларды қателесіп немесе шартты түрде басқа бір дәуірге теңеу), яғни көше бойында валюталық таблоларды, қазір қала орталығында қажет деп есептемейміз", – деп қорытындылады Сүлейменов.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда көше бойындағы ғимараттардың қасбеттерінен валюта бағамдары көрсетілген баннерлер алып тасталатынын жазған едік. Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатта айырбастау пунктерінің сыртында шетел валютасының сатып алу және сату бағамдары туралы ақпарат орналастыруға тыйым салу ұсынылған.

Талқылау