"90 жылдардағы бандит": Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет жолдасы туралы айтты
“Келінжан” фильмі арқылы танымал болған продюсер Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет жолдасына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/
Медиа менеджер жеке өмірі жайлы “Көзқарас” подкастында айтып берді.
“Әкемнің ағасының қызымен би кешіне еріп барып, таныстым. Ол кезде мектепте оқитын едік. Менен бір сынып жоғары оқыды. Содан кейін Алматыға келіп бір университетке түсіп, табысып кеттік. Ол заң факультетінде оқыды, ал мен журфакта оқыдым. 90-жылдардың басы бандиттер, рекэтирлер сәнде еді ғой. Ол кісі сондай заң маманы болғандықтан, достарымен бірге 90-жылдардағы бандиттер секілді, мықты, спортшы, кез келген жерде мен үшін тұрып бере алатын болды. Сондай образдағы азамат болатын. Менің алғашқы махаббатым болды. Жалғыз сол жігітпен жүріп, сол жігітке тұрмысқа шықтым", – деп жан сырын ақтарды продюсер.
Медиа өкілінің айтуынша, биыл шаңырақ көтергендеріне 31 жыл толған көрінеді.
“Кеше ғана өзі жазып, қуантып жатыр. "Бүгін сені ауылға келін қылып апарған күнім екен ғой" деп. Оны тіпті мен де ұмытып кетіппін. Содан бері 31 жыл уақыт өтіп кетіпті. Қазір, мінеки, үш қыздың ата-анасымыз. Кейде неге жас кезде туып алмадым екен деп өкініп қоямын", – деді Гүлнұр ханым.
Еске салайық, "Келінжан 3" фильмінің үзіндісі елді шулатқанын жазған едік.