Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9 күн ғана өмір сүрді": Ақан Сатаевтың экс-жары шетінеп кеткен тұңғышына жантебірентер жазба арнады

Фото: instagram.com/nazira_t13

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі, актриса Назира Бақаева шетінеп кеткен нәрестесі жайлы жантебірентер жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол жазбасында тұңғышының 9 күн ғана өмір сүріп, шетінеп кеткенін мәлімдеді. Актрисаның айтуынша, қызы Томирис тірі болғанда, бүгін 32 жасқа толар еді.

“Тұңғышым, жанымның бір бөлшегі. Одан бері отыз жылдан астам уақыт өтті, бірақ мен әлі күнге дейін оның артында қалған саңқылдаған үнсіздікті ұмыта алмаймын. Сол бір қараңғы күндерімде мен оның бір сәттік тынысы үшін, бір рет жылағанын есту үшін, оны жай ғана құшағыма басу үшін бар дүниемді берер едім. Бірақ маған ондай мүмкіндік берілмеді. Томиконы маған қалдырмады”, – деп жазды ол.

Назира Бақаева тұңғышынан айырылған қиын сәтте өзіне анасы қамқорлық көрсеткенін айтты.

“Сол кезде мені жұбатып, қамқор болған – Анам еді. Дәл сол сәттерде мен ана болудың мәнін, онымен бірге жүретін ауырсынуды терең сезіндім. Жүрегім де, тәнім де жаралы күйде қалды. Сүтке толған кеудемді басқа бір сәби аман сақтап қалды, оның анасына мейірімі мен жанашырлығы үшін алғысым шексіз. Менің сүт балам бар”, – деп жазды ол.

Актрисаның сөзінше, уақыт өте келе тағдыр өз арнасымен жалғасып, ол тағы бес баланы дүниеге әкелген. Ол әрбір сәттің қадірін терең түсініп, балаларының әр қадамын, әр күлкісін ерекше бағалап өсіргенін бөлісті. Назира Бақаева ана болу бақыты кез келген адамға бұйыра бермейтін ең үлкен сый екенін атап өтті.

“Бүгінде балаларым есейді. Оларға қарап, шексіз шүкіршілік сезінемін. Бірақ өз еркімен тірі, дені сау балаларынан бас тартатындар туралы естігенде жүрегім әлі де сыздайды, түсіне алмай қиналамын. Қалай ғана біреудің тынысын “ауыртпалық” деуге болады? Қалай ғана өзге ата-ана өмірін қиюға дайын тұрған асылды итеріп тастауға болады?” – деп жазды ол.

Ол бұл жазбасын тұңғыш қызының туған күніне орай жариялағанын айтып, мақсаты аяныш тудыру емес, ата-аналарға ой салу екенін жеткізді.

Назира Бақаева ата-аналарды күнделікті қиындықтарға шағымданбауға шақырды. Оның айтуынша, баланың қылығы, ұйқысыз түндер немесе шаршау – уақытша құбылыс. Ал өмір қысқа әрі болжап болу мүмкін емес. Ол сондықтан әрбір ата-ана өзіне берілген бақты қалай қабылдап, қалай бағалайтынына жауапты екенін еске салды.

Актрис жүрегінде небәрі тоғыз күнге созылған бақыттың табы отыз жылдан бері сақталып келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, сол сәбиінің кішкентай қолын тағы бір рет ұстау үшін бәрін беруге дайын.

“Өмірді бағалаңыздар. Сіздерге берілген шексіз махаббатты сақтаңыздар. Балаларыңызды ешқашан сатпаңыздар – олар біздің ең қымбат байлығымыз”, – деп түйіндеді ол.


"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр

"Әркімнің өз жолы бар": Альмира Тұрсын Назира Бақаеваның даулы сұхбатынан кейін мәлімдеме жасады


Айта кетейік, бұған дейін Назира Бақаева 25 жыл отасқан Ақан Сатаевпен ажырасуына актриса Альмира Тұрсын себеп болғанын айтып, сұхбат бергені хабарланған еді. Сондай-ақ режиссердің экс-жары бойжеткенмен некелесіп, бірге тұратынын мәлімдеді.

Кейінірек Ақан Сатаев бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 23:55