Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

890 мың теңгеге дейін: Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын сала қызметкерлері белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы жалдамалы жұмысшылардың жалақысы туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың төртінші тоқсанында ең жоғары жалақы – 890 573 теңге сақтандыру және қаржы секторындағы жұмысшыларда болған.

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында 856 521 теңге жалақы алады. Өнеркәсіп саласындағы орташа жалақы өткен жылдың соңында 545 797 теңге болды.

Ақпарат және байланыс қызметкерлеріне 809 564 теңге берілді.

Кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет саласында 614 101 теңге жалақы тіркелді.



Көлік және қойма секторында 532 752 теңге кіріс түскен.

Ең төменгі жалақыны:

  • ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы саласы (270 082 теңге);
  • сумен жабдықтау, канализация, қалдықтарды жинау, өңдеу және шығару, ластанумен күрес (274 994 теңге),
  • өнер, ойын-сауық және демалыс (291 282 теңге) саласындағы қызметкерлер алды.

Қазақстанның қалалары мен облыстары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алғанда ең жоғары орташа айлық Атырау облысында (593 653 теңге), Ұлытау облысында (582 943 теңге), Маңғыстау облысында (564 014 теңге), Астанада (548 579 теңге) және Алматыда (533 536 теңге) белгіленді.

"Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады", – деп түсіндірді ұлттық статистика бюросы.

Талқылау