88 жастағы бастауыш сынып мұғалімі бес оқушыны зорлағаны үшін түрмеге қамалды
Фото: Billion Photos / Shutterstock / Fotodom
Канадада бес мектеп оқушысын зорлады деп айыпталған бұрынғы бастауыш сынып мұғаліміне сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Insauga.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
88 жастағы Барбара Бакстон 2025 жылғы ақпанда кінәлі деп танылғанымен, түрлі себептерге байланысты үкім шығару бір жылға жуық уақытқа созылған. Сот оны 65 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын қай жерде және қандай режимде өтейтіні нақты көрсетілмеген.
Барбара Бакстонға қатысты тергеу 2022 жылғы жазда басталған. Сол кезде оның бұрынғы шәкірттерінің бірі полицияға жүгініп, өзін мұғалім тарапынан жыныстық қысым көргенін мәлімдеген.
Ер адамның айтуынша, ол 1982–1983 жылдары, сегізінші сыныпта оқып жүрген кезінде Бакстонның жыныстық қудалауына ұшыраған. Кейін тағы бір бұрынғы оқушы шағым түсірген, ал 2023 жылы тағы үш адам осындай арызбен құқық қорғау органдарына жүгінген.
Айта кетейік, бұған дейін ер адам 13 жыл бойы әйелін есірткі беріп ұйықтатып, достарымен бірге зорлап келгені хабарланған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты