Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"87,6 пайызы дауыс берді": Лукашенко Беларусьтің 7-рет президенті болып сайланды

Exit-poll нәтижелері бойынша Беларусь президенті сайлауында Александр Лукашенко 87,6% дауыс жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат "БелТА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: oborona.ru

Exit-poll мәліметтеріне сенсек, сауалнама 320 сайлау учаскесінде өткізілген, оған 11 948 адам қатысқан.

Президенттікке үміткер Сергей Сыранков 2,7%, Олег Гайдукевич – 1,8%, Анна Канопацкая – 1,6%, Александр Хижняк – 1,2% дауыс жинаған. Ал "бәріне қарсы" дауыс бергендер саны 5,1% болды.
Беларусьтегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20:00-де (Мәскеу уақытымен сәйкес) жабылды. Республика Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 18:00-ге дейінгі сайлаушылардың келуі 81,5% болған. Ең жоғары белсенділік Могилев облысында тіркеліп, ол 89,05%-ға жеткен.


Бір дауыс үшін 2 555,8 теңге: 2025 жылы Қазақстандағы саяси партияларға қанша қаржы бөлінеді


 

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 5325 сайлау учаскесі ашылып, олар таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Мәліметтерге сенсек, дауыс берушілер саны 6 900 504. Олардың ішінде 88 мыңнан астам азамат алғаш рет дауыс бермек. 2025 жылғы сайлауға дейін 21-25 қаңтар аралығында азаматтардың 41,81 пайызы алдын ала дауыс беріп үлгерген. 2020 жылғы сайлау қорытындысы бойынша президенттікке қайтадан Лукашенко сайланған еді. Бұдан кейін Лукашенконың Беларусь президенттігіне жетінші мәрте кандидат ретінде ұсынылғаны хабарланған еді.

Талқылау