Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Сотталушылардың бірі адвокатынан бас тартты
Ақтауда прокуратура қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген бір топ ер адамға қатысты істің апелляциялық шағымын қарамай қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz
27 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотының ғимаратында спортшы Алина Серікованы қорлаған бес ер адамға қатысты сот үкіміне қатысты апелляциялық шағымды облыс прокуратурасы екінші рет қараудан бас тартты. Себебі сотталушылардың бірі адвокатынан бас тартқан.
Апелляциялық сот отырысы 27 қаңтарда жабық режимде өтті.
Сот отырысы бейсенбі, 30 қаңтарға шегерілген. Сотталушылардың бірі адвокатынан бас тартқаннан кейін процеске қатысушылар осындай шешімге келген. Себебі оны жаңа қорғаушымен қамтамасыз ету керек.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда бір топ ер адамның қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарағанын жазған едік. Марқұмның інісі жағдай туралы толық айтып берді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған