8,5 миллионды құмар ойынға салып жіберген келіншек өзіне қол жұмсамақ болды
Қазақстандық келіншек ипотекаға деп жинаған 8,5 миллон теңгесін бір күнде құмар ойынға салып жібергенін айтып жылады. Осыдан кейін ол, тіпті, өзіне қол жұмсамақ болған екен. Алайда артында қалар екі баласын ойлап бұл ойынан бас тартқан. Десе де, өмірінің қиындап кеткенін айтып жатыр. Оның үстіне жолдасы да оған түсіністік танытпаған екен.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“Сол күнге дейін бақытты ана, бақытты келіншек болдым. Барлығы 20 мамырдан басталды. Жолдасым айлығын маған сеніп тапсырған болатын. Қажет жерге жаратып, қалғанын сақтап қоятынмын. Бір күні жаныма бейтаныс келіншек келіп, бинго арқылы өзінің көп ұтысқа ие болғанын айтты. Оны маған кімнің жібергенін білмеймін. Жалпы мені ешкім қинаған жоқ. Банкоматтан 200 мың теңгені шешіп алып, ойынға салдым. Бұл ақшам бірден күйіп кетті. Осылайша күйеуімнің жалақысын ойынға салып жібердім. Ал ол маған депозитке салуды тапсырған болатын.
Бір күннің ішінде банкке 4 рет барған екенмін. Алғашында 500 мың теңге шешіп алғанмын. Кейін миллион алдым. Бұрын соңды құмар ойын ойнамасам да, көзімді сол сәтте шел басты. Барлығы 8,5 миллион ақшаны құртып жібердім. Депозит деп отырғаным ипотекамыздың ақшасы болатын. Амалсыз екі баламды анамның қолына ауылға жібердім. Соңғы қоңырауларына да бара алмай, “тірі өлік” болып үйде жаттым. Жолдасыма тамақ берсем де, жан-дүнием аласұрып отырды. Қосылғалы тиындап жинаған ақшамызды осылай шашып жібердім. Балаларым “Анашым, қайдасыз? Неге хабарсыз кеттіңіз? Ауырып қалдыңыз ба?” деп хабарласады. Бірақ, бұл туралы ешкімге айта алар емеспін. Тіпті, өзіме қол жұмсамақ та болдым. Бірақ, екі ұлым жібермеді. Ал жолдасым 15 жыл отасқанымызға қарамастан, мені түсінетін емес”, – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық ене екі келінін татуластыра алмай әлек болып жүргенін айтты
Қазақ жігіт өзін іздемейтін келіншегіне ренжіп жүр
28 жастағы қазақстандық келіншек күйеуінің көңілдестерінен әбден мезі болғанын айтты
Марат Омаров ата-анасы өзімен байланыстырмай қойған қойшы баласы үшін жылағанын айтты