Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Жапония азаматы 82 жастағы Сумико Ивамура жаңа жұмысты қай жаста да бастауға болатынын дәлелдепті. Кәрия Токио қаласындағы түнгі клубтардың бірінде диждей болып жұмыс  істейді. Әжейдің таңдаған әуені жастардың да көңілінен шығады.

75_main

Бұл туралы 31 арна хабарлайы.

Сумико өмір бойы бауырымен бірге ата-анасынан мұраға қалған мейрамханада аспазшы болып жұмыс істеген. Алайда, жұмысы жалықтырып жіберген соң 70 жасында мамандығын ауыстыруға бел буыпты. Осылайша диджейлер дайындайтын мектепте оқып, арманын жүзеге асырып отыр.

Психологтар қартайған шақта адам сүйікті ісімен айналысса, білмеген нәрсені үйренуге талпынса ұзақ жасайды дейді. Енді жапон әжейдің шаршауға да, ауруға да уақыты жоқ. Күндіз ол мейрамханада, ал түнде сүйкті жұмысында істейді. Оның ендігі мақсаты Нью-Йорктегі түнгі клубтардың бірінде өнерін ортаға салу.

Тағы да оқыңыз:

Қазақ тілін латын әрпіне кімдер аударады

Ақтаулық әйелді 11 жерінен жарақаттаған кәріс дәрігері одан кешірім де сұрамаған

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Талқылау