80 миллиард теңгеден астам шығын келген: Мыңдаған тонна балық Қазақстаннан Еуропа елдеріне заңсыз тасымалданған
Фото: freepik.com
Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы Еуропа елдеріне балық өнімдерін заңсыз әкетуге байланысты ауқымды бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрып, балық өнімдерін солар арқылы шетелге экспорттаған. Бұл ретте еншілес компанияларда бекітілген су қоймалары болмаған, балық аулауға квота болмаған және экспортқа рұқсат алмаған.
Мысал ретінде балық аулауға 270 тонна көлемінде шегі бар серіктестіктердің бірі алынған. Серіктестік 4 920 тонна балық экспорттаған, бұл белгіленген шектен 18 есе асып кеткен. Оның 2 096 тоннасы еншілес компаниялар арқылы экспортталған.
"Уәкілетті органның қорытындысы бойынша 4 балық аулау субъектісі мен олардың еншілес компанияларының заңсыз әрекеттерінен келген шығын көлемі 80 миллиард теңгеден асты. Анықталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
