Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"8 жыл президент боламын": Трамп келесі президент сайлауына қатыспайды

Фото: EPA

АҚШ президенті Дональд Трамп үшінші рет президенттікке ұмтылмайтынын жеткізді. Осылайша Америка конституциясындағы заңдарды қатаң ұстануға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп үшінші рет президент сайлауына қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Десе де, бұған дейін АҚШ президенті мұндай жоспары барын тұспалдап жеткізген еді.

“Мен сегіз жыл президент боламын, тек екі рет. Мен үнемі мұны өте маңызды деп санайтынмын. 2028 жылғы президент сайлауына қатысуымды қалайтын адамдар көп. Маған мұндай көп өтініштер айтылмаған. Бірақ менің білуімше, бұлай істеуге болмайды. Мен ондайға бармаймын”, – деді Трамп.

АҚШ президенті билікте “керемет төрт жылын” өткізіп, оны “республикашыл” азаматқа тапсырғысы келетінін атап өтті.

"Америкаға ұлылығын қайтарамыз" (Make America Great Again) атты өзінің саяси қозғалысының болашағы туралы сұраққа жауап бергенде Трамп бұл қозғалысты басқаруды өз мойнына ала алатын үлкен топ бар екенін айтты. Ол бұл топтың ішінен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнсті атап өтті. Алайда Трамп өзінің орнын кім басатынын нақты айтпады.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 08:37
Талқылау