8 наурызға сыйлық іздедіңіз бе? Сіз үшін тиімдісін таптық
8 наурыз жақындап келеді. Демек бұл – ең жақын адамыңызға сүйіспеншілігіңізді білдіріп, әдемі әрі пайдасы мол сыйлық беруге керемет себеп. Егер сіз иіс су, косметика немесе зергерлік бұйымдар секілді әдеттегі заттарды сыйлаудан жалықсаңыз, одан басқа баршаға ұнайтын тиімді нұсқаның барын ұмытпаңыз. Мәселен, Apple брендінің жаңа гаджеті. Қыз келіншектердің iPhone немесе AirPods-қа риза болары сөзсіз.
Сыйлықты ойлап ұзақ уақыт кетірмеуіңіз үшін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында HomeCreditBank керемет ұсыныс жасады. Мұнда сіз iPhone 15 Pro немесе MacBook Air M1-ді 36 айлық несиеге ай сайынғы ең төменгі бағадағы төлемге сатып ала аласыз. Науқан тек 10 наурызға дейін жарамды.
iPhone 15 Pro-ның бағасы айына бар болғаны 21 489 теңгеден басталады**
Сүйіктіңізбен байланыста болу өте маңызды. Сондықтан неге қымбат адамыңызға iPhone 15 Pro сыйламасқа? Смартфондағы A16 Bionic чипі кез келген тапсырманы орындай алады. Ал жетілдірілген камералар ұзақ уақыт есте қалатын отбасылық жиындар, саяхаттар және басқа да барлық жағымды сәттерді фотоға сапалы түсіруге көмектеседі.
MacBook Air – айына 16 833 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі тиімді бағада*
M1 процессорындағы керемет қуатты және жеңіл MacBook Air сүйіктіңіз үшін керемет сыйлық болары сөзсіз. Бұл ноутбук ыңғайлы әрі өнімді жұмыс істейді.
M1 чипі негізгі бейнелер мен кескіндерді өңдеуде үздік қызмет атқарады. Одан бөлек, қуаты да ұзақ уақытқа жетуге кепілдік береді. Демек MacBook Air – таңғаларлық мобильді құрылғы. Ол қашықтан жұмыс істейтіндер мен жиі жолда жүретіндер үшін таптырмас құрал болады.
MacOS-тың кейінгі нұсқасымен жұмыс істеу жағымды әсер қалдырады. Себебі ол Apple экожүйесіндегі брендтің барлық гаджетімен өзара үйлесім тауып, әрекеттесе алады. Мысалы, MacBook-та қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беруге және файлдарды iPhone-нан AirDrop көмегімен бірден жүктеп алуға болады.
Тиімді сауда мұнымен біткен жоқ! Тек 10 наурызға дейін iPad 9 Gen, Apple Watch 9 Series және AirPods 3 Gen-ді арнайы ұсыныспен сатып алыңыз.
iPad 9 Gen – айына 13 333 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі тиімді бағада
Бағасы мен сапасы тамаша үйлесім тапқан iPad-тың қолайлығы жыл өткен сайын дәлелденіп келеді. Ол қарапайым пайдаланушының барлық негізгі қажетін қанағаттандырады. Мәселен, фильмдер мен сериялдарды көріп, кітап оқуда, ойындар ойнап, FaceTime-да жақын адамдармен қоңырау арқылы сөйлесуде немесе ZOOM арқылы жұмыс істеп, сурет салуда, жазбалар қалдыруда өте ыңғайлы құрылғы.
Apple Watch Series 9 – айына 19 166 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі тиімді бағада
Кез келген образға үйлесе кететін бұл ақылды әрі стильді сағаттар фитнес әуесқойларына ғана емес, денсаулығын мұқият бақылайтындар үшін де таптырмас құрал. Ол кардиограмма түсіріп, ұйқыны бақылап, әр қадамыңызды санай алады және осыған ұқсас көптеген қызмет атқарады. Бұл құрылғыны әсіресе сәбимен отырған аналар жоғары бағалайды. Себебі олардың телефондары әдетте дыбыссыз режимде тұрады. Ал бұл сағат арқылы барлық хабарландыру мен маңызды жаңалықтарды жібермей қарай аласыз.
Сондай-ақ Apple Watch 9 Series-ті саусақ қимылдары арқылы басқаруға болады. Енді қоңырауға жауап беріп, таймерді өшіру үшін, музыканы іске қосып, тоқтату үшін немесе басқа да көптеген әрекеттерді орындау үшін бас бармақ пен сұқ саусақты түйстіру жеткілікті.
AirPods 3 Gen – айына 7 499 теңгеден 25 000 теңгеге дейінгі тиімді бағада
Шимайланған сымдар мен қозғалыстағы шектеуді ұмытыңыз. Сүйікті музыка мен подкасты еш кедергісіз тыңдаңыз!
AirPods 3 Gen дыбыстарды өте жақсы жеткізеді. Одан бөлек, бұл құлаққаптың су өткізбейтін қабілеті бар. Мәселен, ол жаттығулар мен би кезінде немесе жаңбыр астында қалған сәтіңізде су сынақтарына оңай төтеп бере алады.
Ең қажет сыйлықтарды науқанның ресми серіктестерінің арнайы желісінен сатып алыңыз: iSpace, Sulpak, Technodom, Mechta, Fora және DNS.
Науқан туралы толық ақпаратты серіктестерден біле аласыз
*СЖТМ 13,44% бастап. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 ж. №1.2.36/40 лицензия.
**iPhone 15 Pro, 128Gb үшін төлем сомасы 225 000 теңге тұратын iPhone 13 Pro, 128Gb (зақымсыз және ақаусыз) айырбастау және қалған соманы 374 990 теңгені бөліп төлеу ескеріле отырып есептелген.
Жарнама құқығында