Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 миллиард теңге инвестиция жасадым": Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын қаншаға сатып алғанын айтты

Танымал кәсіпкер, Шымкент сыра зауытының жаңа иесі Тұрсен Алагөзов бизнесті қанша теңгеге сатып алғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сұхбаттан скриншот

Кәсіп иесі журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, бизнеске қанша теңге жұмсағанын жасырмады. 

“Шымкенттегі сыра зауытын 8 миллиард теңгеге сатып алдым. Бұл ақша менде болмағандықтан бөліп төлеуге келістік. Қазір 50-60 пайызын төлеп тастадым. Есептеуім бойынша, осы жылдың соңы, келесі жылға дейін барлық сомасын төлеп бітеміз. 12 млрд теңгеге инвестиция жасап, жаңа құрылғылар алдық, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонда бұл бизнеске 20 млрд теңге жұмсадым. Мұндай қаражаттың артында үлкен тәуекел тұр. Біріншіден, мұнда 10 гектар жер бар. Есептеп қарасақ, аз дегенде жер 5 млрд теңге тұрады. Бұдан басқа құрылғылар, технологиялар бар. Сол үшін де 8 млрд теңге зауыт үшін жақсы баға деп ойлаймын. Маған ұсынған жігіттерге алғысым шексіз", – деді кәсіпкер. 



Сонымен қатар меценат сыраның өзгеше дәмін де шығару жоспарда бар екенін айтты. 

“Бұл кәсіп мен үшін жауапкершілік. Оны түсінемін. Өзіммен күрес деп айтар едім. Бұл – мен үшін жаңа тәжірибе. Маған энергия береді. Жалпы сыраны тұтынушыларымыздың сұранысына, талабына сай дайындаймыз. Баян Мақсатқызы сыра ішуге тыйым салған. Бизнес үшін дегустация жасап көрейік. Қараңызшы, қандай керемет иіс шығып тұр. Тура нанның иісі… Болашақта алкогольсіз сыра жасау ойда бар. Бірақ ол алкогольді сыраға қарағанда қымбат болады", – деді Тұрсен Тұрымұлы. 

Еске салайық, "Жаңа жұмыс көзі болады" деп Баян Алагөзованың қайын атасы шымкенттіктерді үн қосуға шақырған еді. 

Талқылау