Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаза тапқандардың бесеуі оқушы": Ақтөбеде жол апатына кінәлі жүргізушіге 5 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты

Ақтөбе сотында 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім оқылды. Жеңіл көлікте футбол жарысына бара жатқан 5 бала болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Ақтөбе сотында 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім оқылды. Жеңіл көлікте футбол жарысына бара жатқан 5 бала болды.  37 жастағы сотталушы сот үкіміне келісті. Өңірдегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты. Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімімен қаралды. Сотталушы Сергей Соловьев  37 жаста, Беларусь елінің тумасы. Орта білімді. Отбасылы. Бұрын сотталмаған.

Енді сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Сот жәбірленушілердің талабын ішінара қанағаттандырды. Сергей Соловьев жәбірленушілердің отбасына барлығы 55 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.

“Жәбірленуші Көшекбаеваның азаматтық арызы ішінара қанағаттандырылсын. Соловьевтан 239 мың теңгеден астам материалдық, 7 миллион теңге моральдық шығын, жәбірленуші Сақтапбергеновтің пайдасына 7 миллион теңге моральдық шығын, Айтмырзақовтың пайдасына 7 миллион теңге моральдық шығын, Бульмешованың пайдасына 7 миллион теңге, Арыстанова 20 миллион теңге, Бақтыбаевтың отбасына 7 миллион теңге моральдық шығын өндірілсін”, – деді судья.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жол апаты үшін айыпталған 37 жастағы беларусь азаматы соңғы сөзін айтып, бірнеше рет кешірім сұрады. Сергей Соловьев өзінің мәлімдемесінде бұл қайғылы жағдай өмірінің соңына дейін оны мазалайтынын айтты. 



Еске салайық, қайғылы оқиға 7 тамызда болды. Жүк көлігі Самара – Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде қарама-қарсы келе жатқан "Toyota Ipsum" көлігімен соқтығысады. Көлік ішінде 7 жолаушы бар. Оқиға орнында жүргізуші мен сол жолаушылардың бәрі көз жұмды. Қаза болғандар арасында жеке қайырымдылық жарысқа бара жатқан оқушылар болды.

Талқылау