Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"770 мың теңге": Досаев ұлттық банк қызметкерлерінің жалақысы туралы

Қазақстанда қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылады. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев парламент сенатының жалпы отырысында мәлімдеген болатын. Осы орайда, ол жаңа агенттікке жыл сайын 10 млрд теңге қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Досаев

"Қаржы нарығын реттеу мен дамыту, тұтынушылардың құқығын қорғау функцияларын қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігіне беру ұсынылады. Ұлттық банк секілді жаңа агенттік те ҚР президентіне тікелей есеп беріп тұрады, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Жаңа агенттіктің жыл сайынғы шығындары - 10 млрд теңге, оның ішінде еңбекақы төлемдер мен әкімшілік шығыстары - 9 млрд теңге, күрделі шығындар - 1 млрд теңге", - деп айтты төраға.

Досаевтың айтуынша, ұлттық банктің 1 200 қызметкерінің 500-і агенттікке ауысады деп болжанып отыр.

"Бюджет комиссиясының бізге берген қаржысы - 10 млрд теңге, оның ішінде еңбекақы - 9 млрд теңге. Қаржы саласында орташа айлыққа қарасаңыздар, ұлттық банк ішінде екі есе төмен төлеп отырмыз. Біздің жалақымыз - 770 мың теңге. Нарыққа қарағанда олардың жалақысы 530-540 мыңға жетіп отыр. Банктегі активтер - 25 трлн теңге, сақтандыру компанияларының активтері - 1 трлн теңге, сол себепті соған қарайтын адамдардың жалақысы ұлттық банктегідей болуы керек", - деді Досаев. 

Еске сала кетсек, бүгін парламент сенатының жалпы отырысында ҚР заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы мақұлданған болатын.


Ұлттық банк кейбір қазақстандықтарға несие бермеуді ұсынды
Талқылау