77 жыл отасқан қариялар үлгілі отбасы болудың сырын ашты (фото)
Биыл Ұлыбританиядағы ең егде жастағы жұбайлардың отасқанына 77 жыл толып отыр. 100 жастағы Джордж Лофтус пен оның жұбайы, 94 жастағы Филлис екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шаңырақ көтерген.
Бұл туралы Mirror басылымы жазды.
Мерейтой қарсаңында ерлі-зайыптылар отбасын ұзақ сақтап қалудың сырын ашты. Олардың айтуынша, шаңырақты шайқалтпай, ондағы ырыс пен берекені ыстық ас қана сақтап қала алады. Ең бастысы – оны күнде әзірлеу қажет.
Жұбайлар 1940 жылдың 10 тамызында үйленген.
«Күйеулеріңізді әрқашан тоқ ұстаңыздар. Біздің үйде әр кеште ыстық әрі дәмді тамақ болады. Джордж жексенбінің кешіне қуырылған тамақ жегенді ұнатады. Одан бөлек, аптасына бір рет міндетті түрде балықтан әзірленген бәліш пісіремін. Бізді күшті еткен де сол», – дейді Филлис.
77 жыл отасқан жұптың 73 жастағы жалғыз ұлы бар. Одан бөлек, Джордж пен Филлис екі немере, үш шөбере сүйген бақытты ата-әже.
Ерлі-зайыптылар бірге ғұмыр кешкен уақыттарында АҚШ-тың 17 премьер-министрін көргендерін айтады.
Филлис пен Джорджтың ешқашан жеке көліктері болмаған. Себебі екеуі де қарапайым отбасыдан шыққан. Филлис жас кезінде мейірбике, кейінірек автобус кондукторы болып жұмыс істесе, Джордж зейнетке шыққанған дейін өрт сөндіруші және қара жұмысшы болып қызмет атқарған. Екеуінің асып-тасқан дәулеті жоқ. Есесіне олардың дастарханында әрдайым ыстық тағам тұрады. Сол үшін де Британиядағы ең кәрі жұп өздерін бақытты жандар санайды.
«Мен үй шаруасымен айналыстым. Күн сайын ас әзірледім. Біздің үйімізде жанға рахат сыйлайтындай дүниелер жоқ. Алайда мен әркез үстелде жақсы ас барда оның маңызы жоқ деп айтамын. Біздің ешқашан көлігіміз болған емес. Десе де біз осындай берекелі үйде тұрып жатқаныыз үшін бақытты сезінеміз», – деп түсіндірді Миллис.
Жіберіп алмаңыз:
Қария көзі көрмесе де таяғымен түртінектеп жүріп 40 жыл пошташы болған
Ашхабатта қыз бен жігіттің бірге жүруіне тыйым салды