2023 жылдан бері Қазақстанда 98 миллиард теңгенің активі мемлекетке қайтарылған: Тізімде Дубай мен Еуропадағы нысандар бар

2023 жылы құрылған "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" (КУВА) осы уақытқа дейін жалпы құны шамамен 98 миллиард теңгенің активтерін басқаруына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС (КУВА) құрылды. Екі жарым жыл ішінде компания басқаруына жалпы құны 97,6 миллиард теңге болатын 71 мүлік нысаны мен 196 зергерлік бұйым қабылданды.
Активтер еліміздің түрлі өңірлерінен ғана емес, шетелден де қайтарылған. Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Франциядан жеткізілген.
Ең қымбат нысан Астанадағы құны 14 миллиард теңге болатын "Думан" қонақүй кешені. Кешенді 2025 жылдың жазында "Отбасы банк" Астанаға бас кеңсесін көшіру үшін сатып алған.
2026 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша 51,3 миллиард теңгеге 173 актив сатылып, Арнайы мемлекеттік қорға 50,5 миллиард теңге аударылды.
Өңірлер бойынша ірі активтер:
- Алматы облысында бағалау құны 0,8 миллиард теңгелік жер телімі;
- Алматы қаласында 10,5 миллиард теңгелік жер телімі;
- Астанада 14 миллиард теңгелік "Думан" қонақүй кешені;
- Жетісу облысында 0,4 миллиард теңгелік тұрғын емес ғимарат;
- Қарағандыда 8,2 миллиард теңге тұратын компаниядағы үлес;
- Дубайда 8,5 миллиард теңгелік тұрғын үй нысаны;
- Түркияда 2,1 миллиард теңгелік тұрғын үй;
- Францияда 1 миллиард теңге тұратын тұрғын үй нысаны.
- 54,8 миллиард теңге: Қазақстанда қайтарылған мүлік бюджетке қанша табыс әкелді
-
"Алтын Орда" дауы: Базардың экс-иесі Нұрбол Назарбаевтан 15 миллиард теңге талап етті
Еске салайық, бұған дейін Назарбаев қоры Алматыдағы ҚБТУ ғимаратын мемлекетке тегін бергенін жазған едік. Сонымен қатар екі заманауи жатақхана (980 орынға) және 2400 шаршы метрлік спорт кешені салынды. Университет қаржылық тұрақтылығын сақтай отыр, барлық пайда инновациялық даму мен әлеуметтік бағдарламаларға бағытталады.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген