Шымкентте Қадір түні қарсаңында қарбыз ішінен Алланың есімі байқалды
Оңтүстік Қазақстанда “Ықылас” Құран-Кәрім медресесінде жиі бас қосатын жиырма шақты әйел жыл сайын жағдайы келгенше Меккеге барып қажылықтарын атқарып тұрады екен. Сол кісілер кәдімгі қарбыз ішіндегі жазуды байқап қалған.
Бұл туралы “Замана” басылымы хабарлайды.
Мұны Батырбек Байсейітов есімді ақсақал жария етті.
“Осы апаларың кешегі Қадір түнінің қарсаңындағы ауызашарда Нұргүл қажының үйінде болған екен. Сонда ауызашарда жеген қарбыздың ішінен “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуларға ұқсас жазу шығыпты. Соны маған әкеп көрсетті. Бұл белгі Алланың Рамазан айындағы бізге білдірген ризашылығы ма, әлде қандай да бір ескертуі ме, кім білсін… Анығын бір Алла біледі. Ал біз мұны жақсылыққа жорып отырмыз”, – дейді қария.
Қажы атаның өзі де бүгінде Қазақстан қажылар қауымдастығы Шымкент қалалық бөлімі төрағасының орынбасары қызметін атқарып, Ислам дінін насихаттап, халықты имандылыққа үндеп жүр екен.
Жіберіп алмаңыз:
Айт күні Алматыда Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (фото)