Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Киімдер мен матрастарды өртеп жіберген": Түркістан облысындағы тұтқындар бүлік шығарған колонияда қазіргі жағдай қалай

Түркістан облысындағы колония режимімен келіспеген тұтқындар бүлік шығарып, камерадағы матрас пен киімдерді өртеп жіберген. Оған қоса мекемедегі бейнекамералардың 70%-ы зақымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тәртіпсіздік кезінде сотталғандар транформаторға да жетіп, оны істен шығарған. Сенбіден жұмаға қараған түні таңға дейін жарық болмаған. 

“Олар барлық есікті ашуды талап етті. Ұлттық ұлан мен Қылмыстық іздестіру департаментінің қызметкерлеріне күш көрсетті. Тас лақтырып, тіпті өзін-өзі өлтірмек болғандар да болды. Түрме ішінде орналасқан 753 бейнекамераның 88-і зақымданған. Зақымдалған камералардың 70 пайызы бүгін қайта іске қосылды. Қазір түзеу мекемесі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр”, – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ басқармасының бастығының міндетін атқарушы Ермек Жалғасбаев.



Бүлік кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы мен бір түрме қызметкері жараланды. Анықталғандай, сотталғандар колониядағы режиммен келіспеген. Енді арандатушылар мен қатысушыларға бүлік жасап, мүлікке зиян келтіргені үшін қосымша жаза тағайындалады.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында сотталғандар бүлік шығарған еді. 

Талқылау