Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жастағы екі қыз базар ішінде өз-өздерін жарып жіберді

Нигериядағы Майдугури қаласындағы базар ішінде 7 жастағы екі қыз жарылғыш затты іске қосқан.

20161212102151

Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.

Оқиға нәтижесінде бір адам қаза тауып, 18-і жараланған. Жарылыс кезінде базарда адам көп болған. Екі қыз да жарылыс кезінде қаза тапқан.

“Мен олардың бірімен сөйлесіп көрмекші болдым. Бірақ ол жауап бермей қойды”, – дейді жергілікті халық жасағының өкілі Абдулкәрім Жабо.

Сосын ол қыздардың бірінің сауда қатарына қарай барып, жарылғыш затты іске қосқанын байқаған. Әзірге жарылыс бойынша жауапкершілікті ешкім мойнына алмады. Белгілісі бұған дейін әйгілі “Боко Харам” нигериялық террорлық топ жарылыс жасау үшін бірнеше рет балаларды пайдаланған болатын.

9 желтоқсан күні де Мадагали қаласында болған жарылыстан 45 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда топ болып төбелескендердің видеосы ғаламторда жарияланды

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Талқылау