Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар қырғыз баласы апаттан қаза болған отбасын соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Жақшылық пен туыстары оның қаза болған ата-анасын, екі қарындасын соңғы сапарға шығарып салды.

_93641807_ba63a6b7-6486-429a-9d64-19b9625b96ae

Марқұмдар «Манас» әуежайы маңында болған апаттан қаза боған еді. Әкесі Ұларбек пен анасы Ақмарал 27 жаста болған. Олар бір сыныпта оқыған. Қарындасы Сабина – 5 жаста, Айдай – 2 жаста болған.

Жақшылықтың ата-анасы жақсы өмір сүру үшін Бішкекке көшіп келіпті. Әкесі жолаушылар автобусының жүргізушісі болып жұмыс істеген. Әріптестері оның өте мейірімі әрі білімді болғанын айтып жатты.

Бұған дейін Жақшылықтың бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейтінін хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, кеше таңғы 7.30 шамасында Дача-Суу ауылына Boeing 747 лайнері құлады. Гонконгтан Ыстанбұлға бағыт алған ұшақ Бішкек әуежайында жанармай толтырып алмақшы болған. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр. Соңғы деректер бойынша 40-қа жуық адам қаза тауып, 13 адам жараланған. Бүгін, 17 қаңтар көрші мемлекетте қаралы күн болып жарияланды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды

Алматы облысында отбасы әскерге жіберген ұлдарын табытпен қарсы алды

Павлодарда ер адамды пойыз басып кетіп, денесін бөліп тастады

Талқылау