7 жасар қыз жазғы лагерьге барғаннан кейін сал болып қалды
Американың Колорадо штатында 7 жасар қыз жазғы лагерьге барғаннан кейін сал болып қалды. Оны кене шағып алыпты.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
7 жасар Дженна Ганал жазғы лагерьден қайтып келіп, бір жарым аптадан кейін аяғының жансыздана бастағанын сезіпті. Бастапқыда қыздың анасы Хайди оның аяғы ұйып қалды деп ойлаған. Алайда Ганал жүре алмай қалғаннан кейін, олар дәрігерге жүгініпті. Ауруханада дәрігерлер қызға кене шағуынан болған сал ауру диагнозын қойған.
Мамандар қыздың денесіндегі кенені алып тастай алатындарына күмәнданған. Сондықтан анасы мен қызына шамамен 12 сағат күтуге тура келіпті. Нәтижесінде дәрігерлер кенені алып тастап, жараның орнын емдеген.
Қазіргі уақытта Ганалдың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол сауығып келеді.
Хайдидің сөзінше, ол қызының шашынан бірнеше кенені алып тастаған. Алайда кейбірін байқамадым, дейді ол.
Сонымен қатар әйел өзге де ата-аналарға ескерту жасап, балаларға мұқият қарауға шақырды. Ол дер кезінде ем алу қайғылы жағдайлар мен түрлу аурулардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті.