7-сынып оқушысы сүйіктісімен төбелескен жігітті атып тастады
Саратов әкімдігі Заводской ауданындағы №34 гимназияда болған оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Комсомольская правда басылымы жазды.
“12 қазан күні №34 гимназия оқушысын сыныптасы атып жіберген. Алдын ала мәліметтер оқушының пневматикалық қару пайдаланғанын растап отыр. Жәбірленушіге алғаш көмек көрсетіліп, бірден ауруханаға жеткізілген. Ал сыныптасын жарақаттаған қыз қаруын гимназия күзетшісіне өз еркімен берген. Әзірге істің анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтап жатыр”, – делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, қоңырау кезінде үшінші және төртінші қабатты жалғап тұрған баспалдақта екі қыз төбелесіп қалған. Олардың біреуі – 7-сынып оқушысы София, екіншісі – 9-сынып оқушысы Глафира. Төбелесті кішісі бастаған екен. Кейін екеуінің қасына жігіттері келіп төбелесе бастаған. Осы кезде София сөмкесінен қару алып шығып, жігітін ренжіткен оқушыны атып жіберген. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы жақсы екенін айтады.