"7 сейв, Мбөпе және Мбаппенің қобалжуы": "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарына ілікті
Фото: kallmurza Instagram парақшасынан алынды
Алматылық "Қайрат” футбол клубының 18 жасар қақпашысы "Реал Мадридке" қарсы ойыннан кейін әлем және желі жұлдызына айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасында Испанияның "Реал Мадрид" командасынан 5:0 есебімен жеңілгеннен кейін әлеуметтік желідегі басты жұлдызға айналды. Threads қолданушылары Шерханның “Қайрат” қақпасын голдан алып қалған сәті түсірілген видеоларын жаппай таратып жатыр. Оны артық гол жібермегені үшін қолдап, алғыстарын білдіруде.
Шерхан Қалмұрзаның Instagram желісіндегі оқырманы 48 000 адамнан, 173 000-ға жетті. Қақпашы түсірілген жазбалар мыңдаған лүпіл жинап жатыр.
Кейбір қолданушылар Шерхан Қалмұрзаның жеті сейв жасағанын айтты. Нәтижесінде ол 5,8 деген ұпай алды.
Қазақстандықтар Шерханды “Мбөпе” деп атап, "Король лев" фильмінің басты кейіпкері Симбаға ұқсатып жатыр.
Фото: Threads желісінен скрин
Тағы бір желі қолданушылары Килиан Мбаппенің өзі қақпашыға таңданғанын жазып жатыр.
"Реал Мадрид" матч жеңіл өтеді деп ойлады-ау”, “Мән беріп қарады ғой түріне. Мынау біздің “Реалға” керек қақпашы сияқты деп ойлады ма екен”, “Мбаппе екеуіңнің арасыңда 10 жыл айырмашылық бар. Оның тәжірибесі көбірек. Бірақ соған қарамастан, сен мықты ойын көрсеттің. Қақпаға бағытталған қанша допты ұстап қалдың. Лайықты ойыншысың. Бұл қарқынмен 10 жылдан кейін Шерханның футбол жұлдызы болатынын елестетіп отырмын", “Мбаппенің өзі қобалжып кетті”, “Мбаппе саған қарсы ойнағандай болды. Рақмет! Бүкіл әлем сені еске алады деп ойлаймын" – деп жазды олар.
Испан клубтары "Қайрат" командасының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қызығушылық танытты – БАҚ
"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековті алмастырған Шерхан Қалмұрза қандай ойыншы?
Олар "Реалға" қарсы ойыннан кейін Шерхан Қалмұрзаның трансферлік құны көтерілгенін жазды.
"Батырларды өзіміз бағалауымыз маңызды. Ол біздің болашақ аңыз!" деп жазды Айна Каримова.
Шерхан “Реал” қақпашысымен жейдесін алмастырды
Әлеуметтік желі қолданушылары матчтан кейін Шерханның "Реал Мадрид" қақпашысы Тибо Куртуамен жейделерін ауыстырғанын айтты.
Тіпті Куртуаның өзі матчтан соң Шерханның Instagram парақшасын жазбасына белгілеп, фотосын жүктеді. Әлемнің үздік қақпашыларының бірі өзінің Instagram парақшасында Алматыдағы ойыннан алған әсерін бөлісті.
Фото: thibautcourtois Instagram парақшасынан
"Үлкен жеңіске жету үшін өте сенімді ойын болды. Әлемдегі ең үздік клубтың капитандық жолағын тағып алаңға шығу әсерлі сәт!”, – деп жазды Тибо.
Бір суретте ол 18 жастағы "Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрзамен әңгімелесіп тұр. Реалдың капитаны өз жазбасында жас ойыншыны белгіледі.
Шетелдік футбол жанкүйерлері Шерхан туралы не дейді?
“Қайрат” футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны әлем X (твиттер) желісінде талқылап, оның мықты ойын көрсеткенін жазып жатыр. Мұны Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандық футбол жанкүйері жариялады.
Фото: Threads желісінен
“Бүгінгі күннің жұлдызы, әрине әлем мойындаған, қызыққан, тамсанған Қайраттың небәрі 18 жасар қақпашысы. Шерханның шеберлігін Реалдың өз фанаттары да мойындап отыр. Олар желіде Шерханға сүйсінетін пікірлер жазып жатыр”, – дейді жанкүйер.
Бұл пікірдерде: “Челси Шерханды өзіне алып кетуі қажет”, “18 жастағы "Қайрат" қақпашысы "Реал Мадридке" қарсы тамаша сейвтер жасап жатыр, үлкен потенциал бар”, “Қайраттың” қақпашысы небәрі 18 жаста екен. Ол керемет ойын көрсетіп жатыр”, “Маған Қайраттың 18 жасар қақпашысының сенімділігі ұнайды. Уақыт өте келе ол шыңдала түседі. 18 жасар бала үшін 7 сейв дегеніміз мықты”, “Мына қақпашы тым жас емес пе? “Реал Мадрид” өзінен ұялу керек қой. 5:0? Лол”, “Манчестер” Қайраттың 18 жасар қақпашысын көріп отырсыңдар деп үміттенемін”, “Қайраттың қақпашысыны қараңдаршы, бөпе ғой”, – деп жазды.
Скрин: X әлеуметтік желісінен
Скрин: X әлеуметтік желісінен
Тіпті Чемпиондар лигасы Шерханның кешегі сейвтерін осы күннің ең жақсы сейвтерінің қатарына қосты.
Сондай-ақ олар Instagram-да сауалнама жүргізді. Сілтеме бойынша өтіп, біздің қақпашыға дауыс бере аласыздар.
Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында пенальтиді қайтарып, турнир тарихына енгені туралы жазған едік.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
