Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7 қыз қалыңдықтың "құрбысы" болып келген": Раушан Құдайбергеннің тойында шақырылмаған қонақтар да болған

Фото: https://www.instagram.com/raushan_kudaibergen/

Шымкенттік блогер Арай Сұлтан жеке парақшасында Раушан Құдайбергеннің тойына қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің сөзінше, Шымкент қаласында өткен үйлену тойға танымайтын адамдар да келген. 

“Мені ұятқа қалдырды. Мейрамхананың мекенжайын белгілеп едім, тосын жағдайға ұласып кетті. Адамдар жабайылығын көрсетті. Жеті қыз қалыңдықтың құрбысы болып, тойға келіпті. Олар той жасап жатқандардың туысқаны да, танысы да емес. Барын киіп, сәнденіп келіпті. Бұл – өте ұят жағдай. Шақырылмаған жерге келу ұят емес пе?! Той иелері адам басына ақша төлейтінін ескеріңіздер”, – деп жазды блогер.



Threads қолданушылары жариялаған блогердің өзін кінәлады.

“Арайдың өзі де бірден мейрамхананы көрсетті”, “Ол қыздар Димаштың көзіне түсуге барған шығар”, “Блогер ғана емес, тойға келгендердің бәрі салып отырды”, “Раушанның ұзату тойы күшті өтті”, “Салма деп ескертіп тұрғанда, неге салады екен”, “Шақырылмаған қонақ, сыпырылмаған жерге отырады” деген осы”, – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 16:55
Талқылау
`