"7-8 баладан туу керек": Айдар Тұрғамбектің әйелдерге қатысты үндеуі жұртқа жақпай қалды
“Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбектің көпбалалы болуға қатысты ойы сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidar_turgambek/
Өнер иесінің сөзінше, қазақ әйелдері алаңсыз көп бала туып, уайымсыз өмір сүруі керек екен.
“Кең байтақ жерді қазақпен толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып, 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдай жасап алсақ, осылардың өзін жеткізіп алсақ деп отыр. Уайымдамай, көбейіңдер! Кейін рахатын көресіңдер! Әр отбасында кемінде 7-8 баладан болуы керек. Бұл маған да қатысты. Әйелдерге ойланбай, уайымдамай, алаңсыз өмірге көп-көптен бала әкелуге еркектер жағдай жасауымыз керек.”, – деп жазды әнші.
-
"Мен көліктен, Ердос ұшақтан қорқады": Айдар Тұрғамбек ірі жол апатына қалай түскенін айтып берді
-
Әнші Айдар Тұрғамбек өзін "қыз ұзатып жүр" деп сынағандарға жауап берді
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің көзқарасын талқылап жатыр.
“Сосын олар киіз үйде тұра ма”, “Саннан бұрын сапа керек”, “Ақылгөйсініп не керегі бар осы?!”, “Сен әніңді айтып жүре бер, бауырым!”, “Кең байтақ жеріміз болса, неге квартира жалдап жүрміз”, “Баламен қосып, байды да бағып отырмыз”, “Ақша мен байлық сіздерде, қарапайым халық аш отыр”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Айдар Тұрғамбек бірінші әйелі журналист Раушан Әріппен араласпайтынын айтқан еді.