Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7-20-25" бағдарламасына өзгерістер енгізілді: Енді қазақстандықтар ипотекаға қымбатырақ тұрғын үй рәсімдей алады

Қазақстанның Ұлттық банкі "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасының шарттарын кеңейтті. Енді қазақстандықтар бұрынғы пайыздық мөлшерлеме мен шарттарды сақтай отырып, қымбатырақ тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу Бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Онда:

Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құнын 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеру;

Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтеру;

басқа өңірлерден 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделген. 

Сондай-ақ қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны (тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де тартуға мүмкіндік беріледі.

Қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүргені маңызды шарт болады.

Бұл нормалар тұрғын үйдің қолжетімді болу мүмкіндерін кеңейтіп, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының икемділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін енгізіліп отыр.

Қаулымен қамтылмаған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлерi мен бағдарламаның талаптары өзгерiссiз қалады.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 13:35
Талқылау