694 млн теңге төлеуге міндеттелген: Freedom Finance Insurance сотта мемлекеттік компаниядан жеңіліп қалды
Freedom Insurance сотта "Қазарнаулыэкспорт" мемлекеттік компаниясынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: stylishbag.ru
Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қала прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың "Қазарнаулыэкспорт" ШЖҚ РМК-ның "Freedom Finance Insurance" СК" АҚ-ға "Kaz-NJ" ЖШС-ның парашют жабдығын жеткізуге тараптар арасында жасалған мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарт шеңберінде орындалмаған міндеттемелері үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімінің күші жойылды", – делінген хабарламада.
Қазақстанның екі компаниясы Еуроодақтың санкциясына ілікті: Компаниялар жайлы не белгілі
Хабарламада сондай-ақ, Алматы қалалық сотының Апелляциялық сот алқасы Freedom Finance Insurance СК АҚ-ны 694 млн теңге көлемінде сақтандыру сомасын төлеуге міндеттелгені айтылған.
Аталған сома толық көлемде төленгені хабарлануда.
Айта кетейік, Freedom Finance Insurance Freedom Finance холдингінің құрамында. Оны Тимур Турлов басқарады.
Еске салсақ, мемлекеттік компаниялар валюталық кірістің жартысын сатуға міндеттелгенін жазғанбыз.