61 жастағы қазақстандық азамат өзімен қоса сүйіктісін де өртеп жіберуге тырысқан
Қазақстандық 61 жастағы азамат өзімен бірге сүйіктісін де қоса өртеп жіберуге тырысқан. Екібастұз қаласының 52 жастағы тұрғыны өзі бұрыннан танитын ер адамға қарсы шара қолдануды өтініп, полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жәбір көрген әйелдің сөзінше, бұдан бір жарым жыл бұрын ол 61 жастағы ер адаммен бірге тұрған. Кейіннен олар ажырасып кетіп, содан бері азамат сүйіктісін қайтару үшін соңынан аңдып, жұмысынан күтіп алып, зорлық-зомбылық әрекеттерімен қоқан-лоқы жасап келген.
"Бірбеткей азамат сөздерінің енді өтпейтінін түсінгеннен кейін, әрекетке көшуді шешкен. 2 қараша күні сағат 17:30 шамасында ер адам 52 жасар әйел тұратын үйдің ауласына келіп, өзімен қоса әйелдің де үстіне бензин құйып, алдымен өртеп соңынан өлтіремін деп қорқытқан. Әйелдің бағы бар екен, оқиға орнынан қашып құтылып, оқиға туралы полицияға хабарлап үлгерген", - деді полиция департаментінде.
- Алматы облысында жас спортшы қыз туған күні қарсаңында мерт болды
- Оралда белгілі дәрігер пәтерінен өлі күйінде табылды
Ер адамға қауіп төндіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Қорқыту" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кету қажет, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында осыған ұқсас 11 факті тіркелген.