Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда белгілі дәрігер пәтерінен өлі күйінде табылды

Оралдағы Лев Толстой көшесіндегі өз пәтерінде қаладағы танымал дәрігер Татьяна Буткевич өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Татьяна Буткевич кардиолог, терапевт болып қызмет еткен. Көршілерінің айтуынша, өткен аптада Буткевичтің 44 жастағы ұлы ауырып қалған, ол жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдемнен кейін жансақтау бригадасы, ал біраз уақыттан кейін сот-медициналық сараптаманың сарапшылары келді. Осылайша дәрігердің ұлы көз жұмған. Сол күні келіншек үйіне оралған. 

Содан кейін келіншек мүлдем көрінбеген. Пәтерден жағымсыз иіс шыға бастағанын сезген көршілері полиция шақырған. 

Аға учаскелік инспектор Қазбек Құлбаевтың айтуынша, олар пәтерге кірген кезде үйілген қоқыс арасынан Татьяна Буткевичтің денесі табылды. Болжам бойынша, әйел өзіне қол салған. 

"Әйел табылған бөлмелердің бірінде оның қасында түбімен жұлынған люстра жатқан. Біз сот-медициналық топты шақырдық, олар әйелдің денесін мәйітханаға жеткізді. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр", - деді Құлбаев.

Талқылау