600 мың теңгенің торты: Сот отырысы кейінге қалдырылды
Кондитер Нұршат Ақбергенова мен 18 келілік тортқа тапсырыс беріп, оны төлемей қойған блогер Аселина Батырқа қатысты сот отырысы тараптардың бірінің өтінімхатына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талап-арыз кондитерден түсті. 19 қыркүйекте азаматтық іс бойынша алдын ала тыңдауды кейінге қалдыруға өтінішхат жолдаған.
Азаматтық істі қараған судья тараптардың пікірін тыңдап, өтінішті қабылдады. Осылайша сот отырысы 30 қыркүйекке белгіленді.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық блогер Аселина Батыр кондитер Нұршат Ақбергеноваға 18 келілік тортқа тапсырыс беріп, оны төлемей қойғаны үшін сотқа тартылған еді. Алайда ол алғашқы сот отырысына қатыспады. Мұны жәбірленуші тараптың адвокаты хабарлады.
Аталған фактіні Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі аудандық соты да растады.
"Олардың ісі татуласу кезеңінде болды. Жауапкер байланысқа шықпады. Енді сот талқылауы болады", – деді сотта.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық блогердің 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойғаны туралы жазған едік. Кейін қазақстандықтар кондитерге көмектесіп, ақшаны жинап бере бастады.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
