Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

600 мың теңгелік тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойған блогер сотқа да келмей қойған

сотқа блогер келмей қойғанФото: threads.com/@akbergenova__nurshat

600 мың теңгелік торт дайындатып, ақшасын төлемей қойған блогер Аселина Батыр алғашқы сот отырысына келмей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астаналық блогер Аселина Батыр кондитер Нұршат Ақбергеноваға 18 келілік тортқа тапсырыс беріп, оны төлемей қойғаны үшін сотқа тартылған еді. Алайда ол алғашқы сот отырысына қатыспады. Мұны жәбірленуші тараптың адвокаты хабарлады.

Нұршат Акбергенованың қорғаушысы Аржан Сәдуақастың айтуынша, 27 тамызда татуласу рәсіміне арналған алдын ала сот отырысы өткен. Бірақ Аселина Батыр оған келмей, себебін де түсіндірмеген.

"Өкінішке қарай, татуласу рәсіміне Аселина қатыспады. Тек біз болдық. Енді іс шамамен екі аптадан кейін мәні бойынша қарауға жіберіледі", – деді адвокат.


600 мың теңгелік торт: Кондитер ақшаны төлемей қойған блогерді сотқа берді


 

Оның айтуынша, мұндай жағдай құқықтық тәжірибеде өте сирек кездеседі.

"Оның сотқа неліктен қатыспағаны белгісіз. Ол сотты елемеді. Бұл сот пен процесс қатысушыларына құрметсіздік ретінде бағалануы мүмкін. Әдетте сотқа қатыспайтындар жазбаша бас тарту немесе келіспейтінін алдын ала хабарлайды", – деді адвокат.

Аталған фактіні Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі аудандық соты растады.

"Олардың ісі татуласу кезеңінде болды. Жауапкер байланысқа шықпады. Енді сот талқылауы басталады", – деді сотта.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық блогердің 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойғаны туралы жазған едік. Кейін қазақстандықтар кондитерге көмектесіп, ақшаны жинап бере бастады.

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 15:22
Талқылау