"600 мың теңге ауаға ұшты": Еркебұлан Тоқтар шетелде келеңсіз жағдайға тап болды
Фото: https://www.instagram.com/erkebulan_toktar
Танымал актер әрі поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтар АҚШ-қа барар жолды күтпеген жайтқа тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы Майамиге жаттығу үшін сапарға шыққан еді, алайда Катар астанасы Доха қаласында ұшақтан қалып қойған. Салдарынан ол алдын ала тәулігіне 600 мың теңгеге брондалған қонақүйіне де уақытылы жете алмаған.
Жағдай туралы Еркебұлан Тоқтар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді.
“Қысқасы, достар, мен Дохадамын. Осында бір тәулікке қалып қойдым. Кеше Алматыдан ұшақ екі жарым сағатқа кешігіп ұшты. Мен мұнда келіп, бір жарым сағаттан кейін Майамиге ұшатын ұшаққа отыруым керек еді. Келсем, Майамиге кететін ұшақ ұшып кетіпті. Енді келесі рейс тек ертең болады. Күтемін. Оның үстіне, Майамидегі қонақүйді тәулігіне 600 мың теңгеге брондап қойғам. Алдын ала төлеп қойдым, өйткені басқаша Америкаға кіргізбейді, броньді көрсету керек. Міне, осылайша 600 мың теңге ауаға ұшты. “Хайыр болсын” деген сөз бар ғой, сол сөзді айтатын сәт туып тұр. Хайыр болсын”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар елден кететінін мәлімдеген еді.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)